Отырар ауданының әкімдігі жанындағы жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтіп, кеңесті аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтаханов ашып, ашық жүргізді.
Жиынның күн тәртібіне сай алдымен аудандық ішкі істер бөлімі Жергілікті полиция қызметінің бастығы Медет Бөрібеков сөз алып, аудандағы жастар арасында қылмыс пен құқықбұзушылық бойынша 2019 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы баяндап өтті. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ана мен бала өлімінің және жастар арасында суицит пен ерте жүктіліктің алдын алу шаралары бойынша аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Райымбек Тасырбаев атқарылған және атқарылатын жұмыстар туралы сөз етсе, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Мұхит Амангелді ауданда жұмыссыз жастардың жұмыспен қамтылуы бойынша атқарған жұмыстары туралы баяндама жасап, кеңес мүшелері мен белсенді жастар тарапынан қойылған сауалдар мен сұрақтарға баяндамашылар тұшымды жауаптарын берді.
Мұнан соң Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі директорының міндетін атқарушы Сапар Козейбаев жастардың рухын көтеріп, олардың отанға деген патриоттық сезімін ояту арқылы бойындағы шеберлік қабілеттерін анықтап, туристік сервистерге қажетті Отырар ауданының бренді болатын қолөнер туындыларын жасауға, еңбектенуге тәрбиелеу мақсатында аудан әкімінің қолдауымен жастар орталығымен бірге жұмыс жасауға дайын екендігін айтып, ұсынысын жеткізді.
Жастар кеңесінің отырысын қорытындылай келе, аудан басшысы жиын барысында көтерілген мәселелердің қай-қайсысы болмасын күрделі мәселе екенін атап өтіп, әрбір істі аса жауапкершілікпен, шын жанашырлықпен жүзеге асырып, жан-жақты зерттеп барып тиісті шараларды қабылдау керектігін айтып, нақты тапсырмалар берді.