Өңіріміздің барлық аудандарында мемлекеттік бағадарламалардың орындалуын жітік бақылауында ұстап келеді. Жақында Түркістан облысы, Отырар және Ордабасы аудандарына баспасөз туры өтті. Бұл игі баспасөз турда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесімен танысып шықты. Бұл туралы «Еркін ой» газетінің тілшісі хабарлайды.
Отырар мен Ордабасы ауданына ат басын бұрған тілшілер «Шолпан» сұлулық салонына барып қайтты. Онда жастар практикасын ұйымдастыру бағыты аясында 6 ай мерзімді жұмыс тәжірибеден өткен Гүлзира Жанбосынова жұмысқа орналасқан. Ол шаштараз шебері болып жұмыс істейді.
Сондaй-aқ, қаламгерлер жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша шағын несиеге қатысушы Нұргүл Адибаеваның жеке кәсібінің жұмысымен танысты. Несиенің сомасы – 6 миллион теңге. Алынған несиеге жүк тасымалдау көлігін сатып алған. Жаңа жұмыс орнында 1 адам жұмыс жасайды.
Сонымен қатар, тілшілер тобы бағдарлама аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа қатысушы Гүлмира Еркінбекқызының жеке кәсібімен танысты. Алынған грант сомасы – 240500 теңге. Гүлмира Еркінбекқызының мақсаты – тігін шеберханасын ашу. Әзірге жұмыс орнында 1 адам жұмыс істейді.
Алдағы уақытта осы екі аудандарда басқа да маңызды нысандардың ашылуы күтілуде. Халықтың әулетін арттыру мақсатында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру басты мақсаттардың біріне айналып отыр.