Түркістан облысы Мақтаарал, Жетісай ауданының егіншілерінің «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-не айтар алғысы жоқ емес. Билығы жылы да егістікке несие алушылардың қатары бұл аудандардан көп болған. Алған несиесін дер кезінде, төлемін толық қайтарушы да осы аудандынның егіншілері болып саналады.
«Ырыс» микроқаржы ұйымы Мақтаарал және Жетісай аудандарының шаруаларына жыл басында 687 миллион теңгенің несиесін таратқан болатын. «Ырыс» микроқаржы ұйымы 2010-жылдан бері ауыл шаруашылық саласына қаржылай көмек беруін жалғастырып келеді. Мысалы, биыл Мақтаарал ауданына 162 шаруа қожалыққа 298 млн 60 мың теңге, ал, Жетісай ауданында 209 шаруа қожалыққа 389 млн 60 мың теңге несие таратқан.
Сондай-ақ, он жылдық несие тарихы бар шаруалардың біріне – Жетісай ауданы, Жылысу ауылдық округінде орналасқан «Әшірхан ата» шаруа қожалығы жатады. Иелігіндегі 100,27 га суармалы алқапқа мақта тұқымын сепкен қожалық басшысы Абразаков Аралбай биыл «Ырыс» микро қаржы ұйымынан 13 млн теңге алған. 2010-жылдан бері қаржы ұйымымен келісім-шарт негізінде жұмыс істесіп келе жатқан шаруа қожалығы 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Науқанда қосымша тағы 30 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтуға қауқарлы. Ал, Мақтаарал ауданы, А.Қалыбеков ауылдық округінде орналасқан «Укажан» шаруа қожалығы 39,40 гектар егістігіне «Ырыс» қаржы ұйымынан 5 млн 120 мың қаржы алған. Бүгінде 12 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған қожалық өткен жылы да алған қаржыны уақытылы қайтарған. Биыл да мерзімінен кешіктірмеуді жоспарлап отыр.