Қытай елінің Шанхай қаласынан 30 шақырым алыста ерекше қонақ үй орналасқан екен. Бір қызығы коньонға келген алғашқы архитекторлар бұл маңда қонақ үй тұрғызуға болмайды деп кеткен. Алайда, қытайлық құрылысшылардың өзге пікірі болған. Тянмашань тауларының бөктерінде орналасқан қонақ үйдің құрылысын 2018 жылы қараша айында толық аяқтайды.

«Intercontinental Shimao Wonderland Shanghai» деп аталатын қонақ үйдің өз ерекшелігі бар. Тегіс жерде 60 жыл бұрын қытайлар қолдан коньон жасауды қолға алған екен. Бастапқыда қонақ үй соғу жоспарда болмаған. Кейін бұл жерде қонақ үй тұрғызуға әрекет жасайды. Нәтижесінде тап-таза сумен толтырылған коньонда су асты қонақ үйі пайда болады. Мегаполистен мезі шыққан адамдар ең тыныш жерге келіп демалыстарын өткізуде.

Су асты қонақ үйде – 337 номер қарастырылған. 19 қабаттан тұратан «Intercontinental Shimao Wonderland Shanghai» қонақ үйі жартылай судың астында орналасқан. Ең арзан номер – 320 еуро.

Қытайлар бұл жобаны алты жыл жоспарлап, тағы сонша жылда құрылысын аяқтаған. Су асты қонақ үйді коньонда жасау үшін 12 жыл кеткен. Қонақ үйдің ішінде адамға қажеті барлық жағдай жасалған. Метромен жетуге де мүмкіндік бар. Қонақ үйдің тұрғын аумағы – 428 200 кв.м. Құрылысына жұмсалған қаржы – 290 000 000 АҚШ доллар.      

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.