Еліміздің танымал актері Тұңғышбай Жаманқұлов атамыздың басына бірнеше жыл бұрын ауыр іс түскенін көпшілік жұрт білеміз. Барлық қазақ халқы ағамыздың ақталып шығуын тіледі деуге болады. Кінәлі болса да, болмаса да Тұңғышбай ағамызды жамандыққа қимадық.

Бүгін, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловты Нұр-Сұлтан қаласында қабылдады, деп хабарлайды q-content ақпараттық порталының тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қазақстанның ұлттық театрларының жай-күйі, кинематография саласының жағдайы туралы мәлімет берілді. Тұңғышбай Жаманқұлов Қазақстан Президентіне өңірлеріндегі театрлардың шығармашылық жағдайы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясындағы жас мамандарды дайындау барысы және басқа да мәселелер туралы баяндады. Сонымен қатар, кездесуде Қазақстанның театр қайраткерлері одағының мәртебесін арттыру мәселесі де сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев театр және кино өнері еліміздің мәдени-рухани дамуында айрықша рөл атқаратынына назар аударды. Сондықтан, осы салалардың дамуына ерекше көңіл бөліп, әрдайым қолдау білдіретінін атап кетті.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.