Киелі мекеніміздің тарихи тамшысы тереңге сіңген, рухани, қасиетті жерлерге толы. Түркістан облысы әкімшілігі ішкі саясат басқармасының қолдауымен алдыңғы апта жоғарыда айтылған мекендерге рухани азық сіңіріп, жолаушылар жүріп қайтқан болатын. Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «Open Kazakhstan» ЖШС-ң ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Тарихы терең Түркістан» өлкетану ақпараттық туры өткізілді. Жоба аясында қатысушылар ат басын Түркістан облысындағы 15 нысанды аралап, тарихымен танысты.
Ақпараттық турдың алғашқы сапары Түркістан қаласының іргесіндегі Шәммәт Ишан мешіт-медіресесінен бастау алды. Ғимарат ХVIII ғасырдың соңында, 1789 жылы халықтың сауатын ашу мақсатында іргетасы қаланған. Алғаш бұл жер мазар, мешіт, ал кейіннен медресе болып құрылған. Музейдің іші шығыстық сәулет өнерімен безендіріліген. 1917-ші жылы мешіт жабылып, балалар үйіне берілген. 2005-тен бері мұражайға айналып, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жаңғыруда.
Дамир Жүнісов — Түркістан облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары
Облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «Опен Казакстан» ұйымы «Тамыры терең Түркістан» Пресс-тур 3 бағытпен қамтылады. Пресс-турдың аясында қазіргі таңда 20 республикалық нысанға кірген және 60-тан астам облыстық киелі орындарға кірген орындарды толығымен қамтимыз.негізгі ерекшелігі жәрналистерді және әлеуметтік желі белсенділерін кеңінен тартып отырмыз.
Қарнақ ауылында 235 мешіт, 6 медресе болған. Тіпті, кезінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі атақты «Тайқазан» дәл осы ауылда құйылған. ХІХ ғасырдың жарқын ескерткішіне айналған мұражайдың жалпы алаңы 320 шаршы метрді құрайды. 29 бөлмеден тұрады. Мұндағы құнды дүниелердің басым бөлігі орта ғасырлар және жаңа кезең тарихынан сыр шертеді.
Анвар Мырзаев — Қарнақ ауылының тұрғыны
1837 жылы соғылған. Бұл бұдан бұрын медресе болған. Біздің қарнақ ауылында 235 мешіт, 6 медресе болған. Бұл бұхарадан кейінгі білім мекені. Қазақстанның, тіпті Татарстан, Өзбекстаннан келіп жатып оқыған. Медресе сақталып қалды.
Қарнақтың мақтанышына айналған орындардың бірі — «тұт ағашы». Көне зираттың аумағында орналасқан ағаштың сан мың жылдық тарихы бар. Тұттың кесілмей аман тұруына бір емес, бірнеше ұрпақ ат салысқан көрінеді. Оның қалыңдығы тоғыз адам құшақ жайса да қол жетпейді. Қарнақтықтардың айтуынша, мұнда айықпас дертке шалдыққандар көптеп келеді екен. Өйткені, тұт ағашы түрлі ауруларға ем, тыныштандыратын қасиетке ие.
Мадина Әсембек — тілші
1300 жылдық тарихы бар мына көне тұт ағашын жерглікті қарнақтық тұрғындар «мәжіретұт» деп атайды. Ақсақалдардың айтуынша, 8 ғасырда Ислам дінін орта Азияға тарату мақсатында келген араб қолбасшысы Кутайба ибн Муслим осы ағашты отырғызған көрінеді. Бұл ағаш әзірге өз қалпын сақтап тұр. Қасиетті ағашты көруге тек біздің елден ғана емес, шетелдің азаматтары да көптеп келеді екен.