Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолауында қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басты назарда ұстауды тапсырған болатын.
Осы орайда аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылының халық көп шоғырланатын орындары мен орталық көшелерінің көлік қозғалысын бақылауға арналған 24 соңғы үлгідегі заманауи «Сұңқар» бейнебақылау камералары орнатылды.
Бұл камералар полиция қызметкерлерінің жұмыстарын жеңілдетіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Себебі, осы көмекші құрал арқылы іздеген — жоғын табады, ұрының жолы кесіліп, жол ережесін бұзғандар анықталады.