Уақыт зымырап өтіп барады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлының тікелей тапсырмасымен арыстық кәсіпкерлерге арналған қаржылық арнаның ағысы күшетейілмек. Себебі, жергілікті кәсіпкерлерді тегін көмекке қаратып, екі қолдарын байлап, уақыттар босқа жоғалтқызуға болмайды.
Республика бойынша жомарт кәсіпкерлерлік ұйымдар мен ірі кәсіпкерлер арнайы қорға ақша аударып отырған болатын. Жиналған қайырымды қордан қаржы алып жатқан арыстық кәсіпкерлер жоқ емес. Алайда, кәсіпкерлердің арасында алмағандарының қатары әлі көп. Өңір басшысының орынбасары Мейіржан Мырзалиев бүгін арыс қаласында кәсіпкерлерді, қаржылық басқармаларды жинап, жиналған ақпараттарға байланысты шұғыл жиналыс өткізді.
Арыс қаласының әкімішілік ғимаратында өткен жиналысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық дамудың бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жүргізді. Арыстық кәсіпкерлердің мұң-мұқтажын мұқият тыңдаған министр, екінші бөліктегі қаржыларды ертерек таратылуын тікелей қадағалауына алатынын білдіртті. Және де екі айға жуық Арыс қаласында тұрып жүрген министр алдағы уақыттағы жоспарларымен де бөлісті. Қ.Өскенбаев екі күн сайын арыстық кәсіпкерлердің жиналыс өткізуге ниетті. Көрсетіліп жатқан қаржылай көмектің жұмыстарын қатаң қадағалауына алмақ. Министірдің бұл ұсынысы кәсіпкердердің көңілінен шығып, көпішілік бір қолдан қолдай кетті.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің тапсырмасымен жиналыстан кейін шұғыл жұмыс жасайтын төрт топ құрылды. Төрт топтың бірінші мақсаты – қысқа уақыттың ішінде қаладағы барлық бизнес нысандардың қазіргі жағдайымен танысу болды. Таспырма төрт сағатта орындалды. Қаладағы 400-ге жуық кәсіпкерлік нысандар араланды. Жиналған ақпарат кешкі жиналысқа жеткізілді. Енді, келесі күні барлық кәсіпкерлік нысандар бойынша толық сараптама жасалуы тиіс.
Арыста өткен бүгінгі жиналыста Түркістан облысы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының құқықтық сұрақтар бойынша директордың орынбасары Жомарт Махмуд атқарған жұмыстары жайлы есеп бермек болды. Алайда, есебі басталмай жатып аяқталды. Жас Жомарт жиналған кәсіпкерлерді қағазға жазылған ақпаратпен алдағанымен Мырзалиевті алдай алмады. «Атамекенге» түк қатысы жоқ ақпараттарды айта бастаған Жомарттың «гу-гу» әңгімесі жарты жолдан тоқтатылды. Қағазға жазылған жазуды дұрыстап та оқи алмаған «Атамекендік» жас орынбасарды министр Қайырбек Өскенбайев та «сабап» алды. Жас орынбасарға нақты тапсырмалар, есептеріндегі «ертегілерді» азайтуды сұрады. Жүктелген тапсырмаларды орындауға екі күн жеткілікті деп санады министр. Жиынға келген ашулы кәсіпкерлерді министр сабырға шақырып отырды.
Арыстағы 400-ге жуық кәсіпкерлік нысандарды аралап шыққан төрт топтан жиналған ақпараттарға сараптама жасалып, «Атамекендік» Жомарттың «мықты» есебімен салыстырып, нәтижесі екі күнде белгілі болмақ. Арыс қаласы әкімі М.Қадырбек пен «Ырыс» микроқаржы ұйымының директоры Д.Арынғазин бастаған төрт топ, қаладағы кәсіпкерлік нысандарды аралау барысында қызықты жағдайлармен танысып қайтты. М.Мырзалиев төрт топқа тағы да тапсырмалар беріп, кәсіпкерлерге тиісті қаражаттың әр тиынының сұрауы болатынын ескертті.
Айта кетейік, арыстық кәсіпкерлерге арналған арнайы «Қамқор» несие бағдарламасы да жүріп жатыр. «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-гі арқылы жеңілдетілген несиеге тіркеліп, қажетті құжаттарын алып келушілердің қатары артып келеді.
Қаладағы кәсіпкерлердің арасынан өз қаржысына құрылыс жүргізгендер де кездесті. Мүмкіндік барлар жасап отыр. Бұл да үлкен азаматтық. Кәсіптік нысандарын өз қаржысымен әлі қалпына келтіріп жатқандар да көп кездесті. Жұмыстар жалғасын таба бермек.