Түркістан облысының бір топ журналистері солтүстік өңірге сапар шекті. Басты мақсат — күнгейден солтүстікке көшіп барған отбасылардың тұрмыс-тіршілігімен танысу. Осы орайда, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Петропавл қаласында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Жаңабай Ағабеков және Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Д.Жүнісов, Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және халықты әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұрашев Нұржанның қатысуымен баспасөз-конференциясын да өткізген болатын.
5 тамыз күні СҚО М.Жұмабаев ауданына қоныстанған жерлестеріміздің жағдайымен таныссақ, 6 тамыз күні сол облыстағы Шал ақын, Ғ.Мүсірепов аудандарын араладық.
7 тамыз күні Қостанай облысы Сарыкөл, Ы.Алтынсарин аудандарындағы жерлестеріміздің жағдайын көзімізбен көрдік..
Алған әсерлерімізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Тұрғындары тарихи отандарына қайтқандықтан қаңырап қалған ауылдарды адамға толтыруды мақсат етіп қойған солтүстіктегі ағайындар келген әрбір отбасыға ерекше қамқорлық танытып отырғанын көзімізбен көрдік.
Жергілікті әкімдіктер қоныс аударушыларды жетектеп жүріп мемлекет тарапынан берілетін көмектерді қалай алу жолдарын көрсетсе, жергілікті тұрғындар да солтүстік жағдайында шаруашылық жүргізудің жөн-жобасын түсіндіріп, қажет кезінде көрсетіп дегендей, өз ақыл-кеңестерін аямауда..
Өз кезегінде күнгейліктер де жаңа көршілеріне үй жағдайында таба нан жабудан бастап, оңтүстік жұртының ас мәзіріндегі тағамдарды қалай дайындау мен бақша салып, көкөніс егу секілді шаруашылық жүргізу жолдарын үйретіп жатқанының куәсі болдық.
#Қысқасы_Бұрын_бар_бұрын_барғанға_орын_бар
Қостанай облысының тағы біраз ауданын аралап шығып, құдай қаласа кешке ат басын Көкшетау облысына тірейміз.