Қазақстан Республикасының Президенті жақында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Бұл заң еліміздің медиа кеңістігінің дамуына маңызды әсер етеді деп күтілуде. Журналистердің құқықтарын қорғау, ақпараттың сапасын арттыру, және медиа саласындағы этикалық нормаларды күшейту — жаңа заңның басты бағыттары.
Жаңа заң аясында журналистердің құқықтарын қорғауға бағытталған қоғамдық және кәсіби кеңестер құру көзделген. Бұл кеңестер журналистердің мүддесін қорғауға, олардың құқықтарын жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні журналистикада киберқылмыс, жалған ақпарат, және зорлық-зомбылық білдіретін сөздер сияқты мәселелер кеңінен таралуда. Тәуелсіз қауымдастықтардың құрылуы, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі, бұл болса, туындайтын проблемаларды жедел шешуге мүмкіндік береді, — деді Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты, журналист Айгүл Қаппар.
Төтенше жағдайларда журналистердің өміріне қауіп төнуі мүмкін. БАҚ-тардың барлық басшылығы өз қызметкерлерін қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етпейтіндіктен, бұл мәселе өте өзекті. Жаңа заң бойынша, медиа ұйымдары өз қызметкерлеріне халықаралық стандарттарға сай қорғаныс құралдарын ұсынуға міндетті. Бұл шара журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы, олардың кәсіби міндеттерін орындауына ықпал етеді.
Қазақстандық БАҚ-қа қатысты соңғы оқиғалар, этикалық нормалардың болмауынан туындаған қиындықтарды көрсетеді. Жаңа заң этикалық мақсаттар мен қағидаларды енгізуді көздейді. Журналистердің сенімді және тексерілген ақпарат институты ретінде беделін нығайтуы — қоғамдағы ақпараттық атмосфераның салауатты болуына септігін тигізуде.
Медиа нарығына тартылған инвестициялар көлемі жылдан жылға артып келеді. Сондай, Отандық сарапшылар қазақстандық медиа кеңістікті қорғау мәселесін жиі көтереді. Бұл мақсатқа жетудің бір жолы — жергілікті өндіріс компанияларына қаржылық қолдау көрсету. Гранттық қаржыландыру конкурсына қатысу БАҚ субъектілеріне сапалы контент шығаруға мүмкіндік береді. Мұндай шаралар отандық медиа кеңістігінің отандық контентпен толтырылуына әсер етеді.
Соңғы уақытта мәдени және отбасылық құндылықтарды бұзатын ақпараттық материалдардың таралуы жиі кездеседі. Заңға енгізілген нормалар бұл мәселелердің алдын алуға бағытталған.