Қазақстанда ғасырлар бойы қалыптасқан этносаралық келісім, толеранттылық және мәдени алуан түрлілік елдің басты құндылықтарына айналды. Бүгінде Қазақстан түрлі этностар өкілдерінің арасында бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ететін бірегей мемлекет болып табылады. Этносаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделі әлемнің басқа елдерінен ерекшеленеді, оның негізі еліміздің тарихи даму кезеңдерінде жатқан ынтымақтастық пен өзара құрметке негізделеді.
Қазақстанда этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған мақсатты саясат ел басшылығының қолдауымен жүзеге асырылып келеді. Тәуелсіздік кезеңінен бастап, түрлі мәдениеттер мен этностар арасындағы толерантты қарым-қатынастарды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді. Ассамблеяның басты мақсаттарының бірі – этникалық және мәдени айырмашылықтарды есепке ала отырып, Қазақстан халқының бірлігін сақтау. Бұл ұйым еліміздің әрбір азаматына тең мүмкіндік беруге, олардың мәдениетін және тілін құрметтеуге ұмтылады.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері, әсіресе, үлкендерге деген құрмет, сыпайылық және мейірімділік – бұл қоғамда бейбітшіліктің, келісімнің және азаматтық достықтың негізі. Азаматтарымыз бір-бірінің салт-дәстүрлерін қабылдай отырып, мейірімділік пен өзара көмек көрсету нормаларын қалыптастырды.
Қазақстанның көпэтносты құрылымы – еліміздің байлығына айналды. Мұнда тұратын әрбір этностың өзіндік мәдениеті мен дәстүрлері бар, олар бір-біріне құрметпен қарай отырып, бірлесіп дамуда.
Шымкент қаласында ішкі саяси тұрақтылық пен этноконфессиялық келісімді тереңдету мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мысалы, Ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Қоғамдық келісім» және «Жастар ресурстық орталығы» мекемелері, дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» қызметкерлері Шымкент жоғары педагогикалық колледжі мен «Авиценна» медициналық колледжі студенттерімен кездесулер өткізеді.
Кездесулер барысында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттау, деструктивті діни ағымдардың таралуын алдын алу, жастарды патриоттық тәрбиелеу мәселелері талқыланады. Спикерлер жастар көтерген мәселелер бойынша пікір алмасты, бұл жастардың ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерге деген қызығушылығын арттырады.
Жастар – Қазақстанның болашағы, сондықтан олардың бойында патриотизмді, толеранттылықты және ұлтаралық келісімді қалыптастыру маңызды.