Ағымдағы жылдың бес айында Шымкент қаласында құқық бұзушылықтар саны едәуір азайғаны байқалды. Полиция статистикасы бойынша, қала бойынша барлығы 1987 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 28,6%-ға төмендеген (2023 жылы – 2783, айырма – 796). Бұл көрсеткіш полиция қызметкерлерінің алдын алу шаралары мен қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі тиімді жұмыстарының нәтижесі болып табылады.
Полицияның қабылдаған шаралары мен профилактикалық жұмыстар нәтижесінде бірқатар негізгі қылмыс түрлерінің саны едәуір төмендеді. Мәселен, аса ауыр қылмыстар 8,1%-ға (37-ден 34-ке), ауыр қылмыстар 26,2%-ға (822-ден 607-ге) азайған. Қарақшылық, тонау, зорлау сынды ауыр қылмыстардың төмендеу көрсеткіштері де назар аударарлық:
- Қарақшылық: 60,0%-ға (5-тен 2-ге)
- Тонау: 60,6%-ға (61-ден 24-ке)
- Зорлау: 62,5%-ға (8-ден 3-ке)
Сонымен қатар, ұрлық, пәтер ұрлығы, мал ұрлығы, автокөлікті заңсыз айдап әкету және алаяқтық секілді қылмыстардың да көрсеткіштері көңіл қуантады. Мысалы, ұрлық 31,4%-ға (872-ден 599-ға), пәтер ұрлығы 23,6%-ға (182-ден 139-ға), мал ұрлығы 66,7%-ға (6-дан 2-ге), автокөлікті заңсыз айдап әкету 50,0%-ға (12-ден 6-ға), алаяқтық 34,1%-ға (1079-дан 712-ге) азайды.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде, қылмыстардың ашылу көрсеткіштері де өткен жылмен салыстырғанда едәуір жақсарды. Аса ауыр санаттағы қылмыстар, оның ішінде адам өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, қарақшылық, ауыр санаттағы тонау, зорлау, бұзақылық және қорқытып алу қылмыстарының ашылу көрсеткіші 100,0%-ды құрады.
Қала бойынша қылмыстылық деңгейі 10 мың тұрғынға шаққанда 39-ды құрайды, бұл республикадағы орташа көрсеткіштен (63) төмен (2023 жылы – 56). Полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыстарға басымдық беріп, қоғамдық қауіпсіздік шараларын күшейтті. Нәтижесінде, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 29,1%-ға (1176-дан 834-ке), көшелерде жасалған қылмыстар 26,8%-ға (641-ден 469-ға), отбасылық-тұрмыстық қатынастағы құқық бұзушылықтар 23,1%-ға (13-тен 10-ға), кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 23,1%-ға (52-ден 40-қа) азайды.
Полиция полковнигі Арман Бейсенбаевтың айтуынша, осы нәтижелер қоғамда құқық бұзушылықтардың азаюы мен азаматтардың қауіпсіздігіне оң әсер етті. Ол тұрғындарды интернет-алаяқтық, нашақорлық және басқа да қылмыстарға қарсы сақ болуға шақырды. Полиция халықпен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, қоғамдағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті сақтауда маңызды рөл атқаруға тырысуда.