Шымкент қаласында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жалғасуда. Қала бойынша тұрғын үй кезегінде 51 360 азамат тіркелген. Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары және мемлекеттік қызметшілер бар.
2024 жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында 1 000 азаматқа сатып алу құқығынсыз арендалық пәтер беру жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде 414 пәтер пайдалануға берілді. Оның ішінде жетім балаларға – 136, көпбалалы отбасыларға – 138, халықтың осал топтарына – 140 пәтер берілген. Сонымен қатар, өткен жылдан өтпелі болған 280 пәтер иелеріне табысталды.
Түгендеу жұмыстары нәтижесінде 4 822 азамат тұрғын үй кезегінен шығарылып, пайдаланылып жатқан пәтерлердің жағдайы тексерілді. 2023 жылы 68 отбасының, ал 2024 жылы 39 отбасының тұрғынжайды мақсатсыз пайдаланып отырғаны анықталды. Осыған байланысты 2023 жылы 7 пәтер, ал биыл 28 пәтер мемлекет қорына қайтарылды.
Мемлекеттік «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламалары аясында жеңілдетілген несиелік шартпен 1 793 пәтерлік 60 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілмек. Оның ішінде 1 041 пәтер 2023 жылдан өтпелі жобалар қатарында.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
#RSK #RSK_SHYMKENT
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі