Шымкент қаласында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында бірнеше маңызды жұмыс атқарылуда. Бүгінгі таңда 519 азаматқа жалпы сомасы 461,9 млн теңгеге тұрғын үй сертификаттары берілді.
Сертификаттар келесідей топтарға үлестірілді:
• 1 және 2 топ мүгедектігі бар азаматтар – 150;
• Мүгедектігі бар бала асыраушы отбасылар – 97;
• Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 26;
• Көпбалалы отбасылар – 110;
• Толық емес отбасылар – 48;
• Бюджеттік мекеме қызметкерлері – 88.
Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасы аясында 2022-2024 жылдар аралығында 5 200 отбасының жалдау ақысының 50%-ын мемлекет өтеді. Бүгінде 2 509 азаматқа жалпы сомасы 486 млн теңге субсидия төленуде. Бағдарламаға І және ІІ топ мүгедектігі бар азаматтар, мүгедектігі бар бала асыраушы отбасылар, жетім балалар, көпбалалы отбасылар қатыса алады.
Ай сайын төлемдер мен бағдарлама талаптарының сақталуын бақылау мақсатында мониторинг жүргізіліп отырады.
Тұрғын үйлерді жекешелендіру «E-Qazyna» веб-порталы арқылы электронды форматта жүзеге асырылуда. 2024 жылдың басынан бері жекешелендіруге 235 өтінім түскен. Оның ішінде:
• 188 пәтер сатып алу негізінде жекешелендіріліп, бюджетке 585,3 млн теңге түскен;
• 37 пәтер өтеусіз жекешелендірілді;
• 15 өтінішке бас тартылды;
• Қазіргі уақытта 38 құжат қаралуда.
#RSK #RSK_SHYMKENT
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі