Жаңа жыл мерекесі кезінде пиротехникалық өнімдерді дұрыс сату және пайдалану қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бөлігі болып табылады. Пиротехниканы тек арнайы рұқсат етілген орындарда, яғни жеке тұрған дүңгіршектерде, павильондарда немесе сауда орталықтарының мамандандырылған секцияларында сатуға болады.
Бұл орындар жоғары ылғалдылық пен қызып кетуден қорғау үшін жабдықталуы қажет. Екі немесе одан да көп қабатты сауда орталықтарында пиротехникалық бөлімдер тек жоғарғы қабаттарда орналастырылуы тиіс және эвакуациялық шығу жолдарына жақын болмауы қажет. Сонымен қатар, мұндай нүктелер міндетті түрде өртке қарсы дабыл жүйелерімен, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы керек. Өнімдер жылу жүйесінің кез келген аспабынан кемінде 0,5 метр қашықтықта сақталуы қажет, ал сауда үй-жайлары адамдардың эвакуациясына кедергі келтірмеуі тиіс.
Тұрғындарға пиротехникалық өнімдерді сатып алу кезінде сертификатталуына назар аудару, қаптаманың бүтін болуын тексеру, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдерді қолданбау ескертіледі. Пиротехниканы іске қосу кезінде темекі шегуге, тұрақталған көліктердің жанында немесе өрт қаупі бар нысандардан 50 метр қашықтықта атуға қатаң тыйым салынады. Фейерверктерді іске қосу алаңынан адамдар кемінде 15-20 метр қашықтықта, желге қарсы тұруы керек. Өнімді қолмен іске қосу немесе қауіпсіздік ережелерін елемеу денсаулыққа елеулі қауіп төндіруі мүмкін.
Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, мерекені жағымды әрі қауіпсіз түрде атап өтуге болады.
#RSK #RSK_SHYMKENT
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі