Түркістан облысының азаматтарының талаптары қаралып жатыр. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың арыз-өтініштеріне байланысты ауданның жауапты азаматтарымен мәжіліс өткізді, деп хабарлайды «q-content» ақпараттық порталының тілшісі.
Жиынға Жетісай ауданының әкімі Ж.Бейсенбаев, филиал Төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат хатшысы мен депутаттар, белсенді азаматтар қатысты, деп мәлімдейді «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Өздеріңіз білетіндей өткен айда «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Арыс қаласына арнайы келіп, қаладағы қалпына келтіру жұмыстарымен танысқан еді. Сондай-ақ тұрғындармен кездесіп, арыстықтарға мемлекет тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетінін атап өткен болатын. Осы орайда, «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев мәжілістен соң бірден қаладағы 9, 12 сектор жұмысын бақылап, тұрғын үйлерді аралап шыққан болатын.
Жалпы, Арыс қаласында тұрғын үй саны – 8634. Төтенше жағдайдан кейін жөндеу жұмыстарын қажет ететіні 7197 құрайды. Ал 433 баспана толық қалпына келтірілмек. Соның ішінде жаңадан 420 жеке тұрғын үй мен 3 көпқабатты үйді қайта соғу жұмыстары жүргізілуде. Әрбір сектордағы жұмыстарды жүргізу үшін облыс, қалалардан 7579, аудандардан 315 жұмысшы тартылған.