Бағдаршамдардың түрлері же хаман талабына сай өзгеріп тұруы керек. Осы мақсатта облыс орталығы Түркістан қаласында 27 бағдаршам нысаны бар. Ескі типтегі 27 бағдаршамның 15-і жаңасына ауыстырылса, қосымша 5 жаңа бағдаршам орнатылады. Тағы 5 жаңа бардаршам орнату мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. 27 бағдаршамның 70 пайызы жаңартылады. Жалпы қала көлеміндегі бағдаршамдардың саны 37-ге өседі.
С. Қожанов көшесінің бойында орталық Есім хан алаңының жанында бағдаршам және шақыру панелімен жабдықталған жаяу жүргіншілер жолы орнатылды. Енді жолдың келесі бетіне өту үшін бар болғаны бағдаршам жанындағы тақтаға алақанды тигізіп жасыл белгіні күтіңіз. Жолдан еш қиындықсыз өте аласыз.
Біздің мақсат — сіздің жайлылығыңыз!
Айта кетейік, 2018 жылдың 19 маусым күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысының пайда болуына байланысты пікір білдірген болатын. «Бүгін «Қазақстан Республикасының Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының тоғызыншы бабына сәйкес, Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру және облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы Жарлыққа қол қойғалы отырмын. Бұдан былай бұл өңір Түркістан облысы деп аталатын болады. Осы әкімшілік аумақтың құрылымына өзгеріс енгізу арқылы бұл өңірдің өркендеуіне тың серпін беруді көздеген тарихи құжат болып саналады», — деп атап өтті. Осылай Түркістан қаласы қарқынды түрде түлеп жатқан жайы бар.