Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің биылғы 7 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ Арыстағы қалпына келтіру жұмыстарының барысы мен Түркістандағы құрылыстар жөнінде баяндалды. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.
Өздеріңіз білетіндей Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп отыр. Тоқтаусыз жұмыстың арқасында қаланың біраз үйлері тұрғызылып, кәсіпкерлік нысандар да қалпына келіп қалды. 7000-мыңнан астам үйдің құрылысы аяқталды. Ал 2000-нан астам үй толық жөндеуден өтті. Әрине, әлі де көптеген жұмыстарды атқару керек.
Бастысы жарылыстан зардап шеккен қаланы қысқа уақытта қалпына келтіру. Халықты қысқа дейін өз үйлеріне жайғастыру. Атқарылып жатқан жұмыстар да көп, атқаратын жұмыстар да аз емес.