Түркістан облысымыздың халқы тағы бір үшеммен толықты. Шардара ауданында тағы бір үшем дүниеге келді, Шардара ауданы Көксу ауылында 1987 жылы туған Мамбетова Мейрамкүл Аман, Есен, Жанерке атты үшемді бауырына басып отыр.
Отбасында үшемнен бөлек 2 ұл, 2 қызы бар. Мейрамкүл Көксу ауылындағы «Айлин» балабақшасының қызметкері болса, ері Төребек С.Ерубаев атындағы ЖОМ-ның қызметкері.
Айта кетсек, Мейрамкүлге дейін ауданда үш ана үшемді дүниеге әкелген. Мейрамкүл — үшемді дүниеге әкелген төртінші ана. Үшем тапқан аналардың үшеуі өзіміздің қаракөздеріміз болса, біреуі өзге ұлт өкілі.