Арыс қаласындағы 1-ші секторда құрылыс жұмыстары қарқынды. Бұл секторға Атырау облысы мен Жетісай ауданы жауапты. Аталған секторда жарылыстан зардап шеккен үйлердің жалпы саны 466 болса, бүгінде соның 245-інде құрылыс құрылыс жұмыстары аяқталуда. Ал жалы алғанда 410 нысан күрделі жөндеуден өтетін болса, 56 үй басынан салынып жатыр. Мұндағы құрылыс жұмыстарына 13 мердігер мекеменің 975 жұмысшы жұмылдырылған. Құрылысқа қажетті материалдар толық жеткілікті.
Сектордағы күл-қоқыстарды тасымалдаумен Жетісай ауданы әкімдігініне қарасты коммуналдық мекеме айналысуда. Олар күніне шамамен 180-200 тонна құрылыс қалдықтарын шығаруда. Мұндағы жауапты мамандар құрылыс жұмыстары межеленген мерзімде аяқталады деп отыр.