Ел-жұртқа қорған, әрі шаңыраққа ие болатын ұлдың көзі жерге қарап жүретін, жігерсіз, есіркеуді тілеп тұратын байсалсыз, ынжық болғанын қаламайтын шығарсыз. Онда балаңыздың басынан сипауды тоқтатыңыз! Арқасынан қағыңыз! Арқасынан қағылған бала батылданады, көзге тіке қарайтын, жігірлегі артып, еңсесін тік ұстайтын ұлға айналады.
Қызыңызды керісінше басынан сипаңыз. Қыз – жарты жұрттық, қыздың бағы – үйде емес, түзде. Қыз – қонақ дейді қазақта. Бүгін аялап өсіріп отырған қызыңыз ертең басқа босағаны аттап, сол үйдің отын жағып, ұрпағын өсіреді. Қызды «кететін бала ғой» деп еркелеткен қазақ. «Алдында не күтіп тұр екен, тағдыры қалай болады екен?» деп, еркелетіп басынан сипаған. Басынан сипалған қыз – басы еріксіз кеңіс тартып, көз-жанары төмен түсіп, ұялшақтық пайда болады. Кісі бетіне бажырайып қарамайтын әдепі болып, қызға лайықты биязы мінез қалыптасады.
Осылай арқаны қағу мен басты сипаудың өзінде терең тәрбиелік мәні жатыр екен.