Жетісай ауданы Шаблан Ділдәбеков ауылдық округінде ауылшаруашылық жануарларының 2019 жылдың күзгі «Энзотиялық» аурулардың алдын-алу бойынша ірі малдарды бүрку жұмыстары жүргізілді. Жалпы Ділдібеков ауылдық округінде 4147 ірі малдар (жылқы, түйе, ірі қара) бар. Бүгінгі бүрку жұмыстарына 317 бас ірі қара (сиыр) әкелінді. Алдағы уақытта кезең-кезеңімен ірі малдардан бөлек ұсақ малдарды да тоғыту бойынша жұмыстар жүргізлетін болады. Бүрку жұмыстарын Жетісай ауданы «Ветеринарлық қызмет» МКК мамандары жүргізді.
Бұл жердегі басты мәселелердің бірі, барлық малдарды арнайы орынға апарып сойдыру мәселесі де қарастырылып отыр. Одан бөлек иттерді жою коммисиясын толық деңгейде жұмыс атқаруға дайын. Және де басқа жұмыстар бойынша атқаратын мәселе көп.