2019 жылдың 23 тамызында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалында өңірдегі белсенді қоғам және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өңірдегі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға өткізілетін әңгімелесу кезеңінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында өңірде байқаушылар пулының алғашқы жиыны өткізілді.
Басқосуда конкурстарды бақылауға алатын 45 байқаушыға конкурстың рәсімдері, оның ішінде байқаушылар мен сарапшылардың негізгі құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
Алдағы уақытта арнайы курстан өткен белсенділер облыстағы мемлекеттік органдарда бос лауазымдарға өтетін конкурс кезеңдерін жіті бақылауға алып, кемшіліктер мен заңбұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттік органның бірінші басшысына немесе уәкілетті органға жедел хабарлайтын болады.
Қоғамның мемлекеттік аппаратқа сенімін арттыратын бұл бастама республика бойынша алғаш рет Түркістан облысында пилотты тәртіпте жүргізіледі.