Ағымдағы жылдың 22 тамыз күні Түлкібас ауданына қарасты Арыс ауылдық округі әкімдігінің ұйытқы болуымен «Жүректен жүрекке» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында ауылдық округке қарасты Керейт және Мақталы ауылдарынан аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына демеуші есебінен жаңа оқу жылына керек-жарақтарын алуға 13 мың теңгеден қаржылай көмек берілді. Шара аясында 28 бала осындай қолдауға ие болды.
Акцияның мақсаты – мектепке келуге мүмкіндігі жоқ аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға қамқорлық көрсетіп, мұқтаж отбасылардың балаларын мектепке дайындауда көмек көрсету және оларға толықтай білім алуға жағдай жасау.