Мақтаарал ауданы кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен (жұмыс жоспарына сәйкес), Кәсіпкерлер палатасының Мақтаарал аудандық филиалының қолдауымен 20.08.2019 жылы сыбайлас жемқорлықты алдын алу және болдырмау мақсатында жиын өтті.
Жиында ауданның кәсіпкерлік бөлімі басшысы Қ.Әбдірахманов мекеме қызметкерлерінің елге адал қызмет ету, кез келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы болу, әділ болу болуды түсіндірді.
Сонымен қатар, халықтың алдында әдептілік, киім кию үлгісі мен сөйлеу мәдениетін қатаң сақтауды тапсырды. Себебі, кіші буын жастарымыз үлкендерге қарап бой түзеп, үлгі тұтып келуде. Жиын соңында, сұрақ жауаптармен жалғасып, алдағы атқарылатын жұмыс жоспары талқыланды.