Аудандық партия филиалында, «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қожахан Әбілқасым Өмірбайұлы, аудандық маслихат хатшысы Көпеев Өрісбай Бұхарұлы және аудандық маслихат депутаты, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сеңгірбаев Сейдулла Ілесұлының қатысуымен, «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция барысында жаңа оқу жылы қарсаңында Болашақ, Қ.Сатпаев, О.Жандосов мектептерінде білім алатын, көпбалалы аналардың балаларына оқу жабдықтарымен жасақталған сөмкелер табысталды.
Акция барысында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Қожахан партия атынан ұйымдастырылып жатқан акцияға атсалысқан мәслихат депутаттары мен партияластарға алғысын білдіріп, бүлдіршіндерді алдағы оқу жылында озат болуға шақырды.
Қазығұрт ауданында 5 жылдан бері «Жалында жастар» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп келе жатқан «Балаға мейірім сыйла» атты қайрымдылық акциясы осы жылы тамыз айында өткізілді. (English below)
Акциямыздың мақсаты аз қамтылған , көп балалы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде , әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады.Сонымен қатар ауыл жастарының бойында мейрімділік, адамгершілік қасиеттерін арттыру, өз ауылының мәселесіне немғұр қарамауға үйрету болып табылады.