«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалы мәжіліс залында «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Акция барысында жаңа оқу жылы қарсаңында аудандағы Бастауыш партия ұйымдары тарыпынан ұсыныс білдірген аз қамтылған және көпбалалы аналардың балаларына оқу жабдықтарымен жасақталған сөмкелер табысталды.

Филиал төрағасының Бірінші орынбасары Жұмабеков Ахмет Әбдраманұлы мен «Стоматология» ЖШС-інің директоры Берік Моминов бүлдіршіндерге жаңа оқу жылында оқуды озат оқып, келешекте еліміздің білімді азаматы болып қалыптасуларына ізгі ниеттерін жеткізді.

Сондай-ақ, Келес ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар жылы аясында,жастарды спортқа ынталандыру мақсатында Қошқарата ауылдық округі Н.Тілендиев жалпы орта мектебінде жастар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды.Сайыс өте қызықты және тартысты өтті. Жарыс соңында іс-шарада белсенділігі мен қоса ептілігін көрсеткен жастарға «Жастар ресурстық орталық» басшысының атынан үздік номинациялары берілді.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.