«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалы тарапынан Келес ауданы аумағынан өтетін Республикалық маңызы бар автомобиль жолының А-15 «Жызақ-Жетісай-Қызыләскер-Абай-Сарыағаш-Жібек жолы» автомобиль жолының 144-175 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстарына байланысты жеңіл авто көліктеріне айналма жол ретінде берілген Жүзімдік және Қошқар ата ауылдық округтерінің аумағынан өтетін ішкі айналма жолға тыйым салынған жүк көліктеріне аудандық Ішкі істер қызметкерлерімен біргелікте түнгі рейд ұйымдастырылды.
Нәтижесінде тыйым салынған белгілерге қарамай айналма жолмен жүріп келген 9 жүк көліктерінің жүргізушілеріне ҚР ӘҚБтК 601 бабының 1 бөлігі бойынша жалпы әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай ақ, Келес аудандық ІІБ бастығы полция полковнигі Ш.Оңғаровқа Қошқар ата және Жүзімдік ауылдық округтерінің аумағынан өтетін ішкі айналма жолға аудандық полиция бөлімі тарапынан тәулік бойы қадағалайтын полиция нарядын қою жайлы хат жолданды.