Тамшылатып суғару — ең алдымен судың ысырабын азайтып, екіншіден, өнім көлемі арттыратын суғарудың үнемді әдісі.
Бүгінгі таңда Түлкібас ауданының бау-бақша өсірумен айналысатын шаруалары алдынғы қатарлы озық техналогияларды қолдана отырып, мол өнім алуда.
2018 жылы ауданда 500 га жерге тамшылатып суғару әдісі енгізілген болса, биылғы жылы қосымша «Кентау» ЖШС-і 81 га, «Арсен Ас» ЖШС-і 16 га, «Мөлдір» ЖШС-і 65 га, «Нар Дауа» ЖШС 14 га, «Мөлдір» ШҚ 10 га, «Мақұл» ШҚ 10 га, «Нұрбақыт» ШҚ 6,0 га, «Ақсанат инжиниринг» ЖШС-і 300 га жерге тамшылатып суғару әдісін енгізіп, мол өнім алуды көздеп отыр.
Бұл әдістің ерекшелігі, егіліп алынған өнім бұрынғы әдіспен егілген өнімнен 7-8 есеге дейін өнім көп береді және суды үнемдеумен қатар, арамшөптің шығуына да жол бермейді.