Түркістан облысы әкімішілігіне қарасты кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының тікелей тапсырмасымен «Қамқор» бағдарламасы іске асып келеді. Өңір басшысы Өмірзақ Естайқлының тікелей бақылауындағы игі бағдарламалар әлі де көбейіп келеді. «Қамқор» бағдарламасы Арыс қаласының кәсіпкерлеріне арналған арнайы бағадарламаға жатады. Түрлі жеңілдіктерді қарастырады: 5 миллионға дейін кепілсіз, талап бойынша екі кепілгер қажет және несие бойынша 6 ай каникул беріліп, 60 айға, 1 пайызбен беріледі.
«Ырыс» микроқаржы ұйымы «Қамқор» бағдарламасына өз қаражатынан 200 миллион теңгені бөліп, арыстық іскер кәсіпкерлердің 50-ге тарта жобаларын мақұлдап, жеңілетілген арнайы несиені таратып отыр. Жуық арада «Даму» қорынан «Қамқорға» қосымша қаражаттар қарастырылуда.
Арыс қаласының тұрғыны, көпбалалы анамыз Әлия Күлбаева «Ырыс» микроқаржы ұйымынан жақында «Қамқор» бағдарламасы аясында «Құрылыс заттары дүкеніне» 5 миллион теңге несие алған. Мемлекет тарапынан үлкен қолдау тауып отырған кәсіпкерлер көп. Осы салада тәжірибесі мол Әлия анамыз қаржылай қолдауды «Ырыс» мекемесі арқылы алғанына дән риза.