Екі ойыншы да «Ливерпуль» сапында ойнайды
«Жігітте де жігіт бар азаматы бір бөлек. Жылқыда да жылқы бар, қазанаты бір бөлек» демекші, нағыз мұсылман деп – осы екі жігітті үлгі тұтуға әбден болады. Салах пен Маненің қазіргі жасап жүрген жақсылық істерін көбісі білсе, біреулер біле бермейді. Және де қайрымдылықтың «атаманы» атанып жүрген Криштиану Роналду жайылы да қысқаша тоқтала кетсек.
Жалпы, әлімдік спорттағы жұлдыздардың арасында жомарт жігіттер жоқ емес. Көп десек те қателеспейміз. Португалдық Роналдудың игі істері жайылы көпшілік жаңалықтардан көріп, шын ризашылығын айтып жатады. Әлемдік брендке айналған Роналду – ми зақымына ұшырағандарға қан өткізуден бастап (сол себептен денесіне тотировка салдырмайды), отта күйік алған 350 адамға қаржылай көмек, жылда қайырымдылық қорларға миллиондаған еуро, өскен жерінде ауыр оперпция жасайдын клиниканы соқтырып, заманауи құрылғылармен жабдықтап, кішкентай бүлдіршіндердің ауыр, қымбат операцияларына (40, 50,60,70 мың еуро тұратын) көмектесіп, жер сілкінісінен зардап шеккен неапалдықтарға 7 миллион еуро аударып, 2015 жылы ең үздік қамқор спортшыға айналып, 2012 жылы алған «Алтын бутсиын» сатып, полистиналықтарға оқушыларға ақшасын аударып, ең қымбат, үлкен еңбекпен келген 2013 жылғы алған «Алтын добын» (Месси төрт жыл ешкімге бермей келе жатқан) аукционда сатып, 600 мың фунты ауыр дертке шалдыққан балалардың соңғы арманын орындауға жұмсады. Одан қала берді, 2016 жылы Еуропа Чемпионы атанғанда төленген 275 мың еуросын рак аурына шалдыққандарға, Чемпиондар Лигасы үшін алған 600 еуросын БҰҰ-ның қайырымдылық қорына аудара салды. Айта берсек Роналдудың жақсылы біз ойлағаннан көп. Естеріңізде қалғанын жазып жіберсеңіз де болады.
«Ер тамыры елде, ел тамыры жерде» деп, елім-жерім деп жүрген футболшылардың азаматтығына тәнті болудан басқа амал жоқ. Қайырымдылық жасауды жақсы көретін Роналдудың жолымен келе жатқан Салах пен Мане секілі жомарт жігіттер көбейіп келеді.
«Ақсұңқар ұшар жем үшін, ер жігіт туар елі үшін»
Мысырлық Мұхаммед Салахтың әлемдік жұлдыздардың қатарында танымалдылығы артып келеді. 2019 жылы атақты «Time» журналы Салахты «Жылдың 100 ықпалды адамдар» қатырна қосып жатыр. Бұған себеп те бар. «Ливерпуль» сапына ауысқан Салахтың көрсеткіші футбол алаңында да, жеке өмірінде де күшейіп келеді. Екі жыл қатарынан АПЛ-де үздік сұрмерген атанып үлгерді. Жеке өмірінде жасап жатқан қайырымды істері де жеткілікті. Әкесінің үйіне түскен ұрыны кешіріп, оған жұмыс, ақша беріп, дұрыс жолға түсуіне үлкен мүмкіндік береді. Дәл қазір Салахтың жақсы имиджіне жететін Африка құрлығында спортшы жоқ. Өз елінде мектеп тұрғызып, жас отбасылардың аяққа тұрып кетуіне және ардагер спортшыларға қаржылай көмек көрсетеді. Ол тіпті өз елін 2017 жылы экономикалық кризистен аман алып қалды. Мемлекеттік волютасы құрдымға кетуге шақ тұрған кезде, алғашқылардың бірі болып 210 мың фунт аударған. Қасиетті Рамазан айында туған жеріне барып, шамасы келгенше жақсылыққа шашылып қайтады.
Салах, «Ливерпуль» сапында алаңға шыққан кезде – бүкіл кіші Шығысты бір-бірімен жақындастырады. Моракандықтар, кувейттіктер, тунистіктер, саудиттер, Эмират пен Оман тұрғындары бұл күні бір ойыншының тегі жазылған жейдеде футбол тамашалайды.
Садио Мане – Сенегалда туылған, «Ливерпуль» шабуылшысы. Ол, 2019 жылы өзінің демалыс кезінде ауылында мектеп құрылысына 270 мың еуро аудара салды. Сондай-ақ, өзінің кіндік қаны тамған, өсіп-өнген жері Бамбали ауылында емхана мен мешіт тұрғызып берді. Маненің бұл биылғы жылығы жасаған жақсылық көрсеткіштері. Бұл жігіт те Рамаз айында еліне көп барады. 2018 жылы «Ливерпуль» мен «Лестер» арасында өткен ойыннан соң, Садио қаладағы мешіттердің бірінде әжетхананы тазалаумен айналысқан. Мане осылай Салахпен футболдан тыс жомарттық жарыста да бірге келеді. Алла разы болсын барлығына!
Қамқорлыққа бір иығы бұрып тұратын спортышар әлемде көп. Біреулері жаңалықтарда шығып жатса, кейібіреулерін біз білмей жатамыз. Футбол жұлдыздар: Месут Озил, Рибери, Зидан, Погба, Анелка, ағайынды Яя мен Коло Туре, Бен Арфа т.б. футболдағы мұсылман жұлдыздарының жасап жүрген жақсы игі істері көп. Басқа да спорт түрінде, өнер мен бизнесте жүрген көптеген мұсылман жігіттер жақсылық жасауда жарысып жүрген жайы бар.
А.Түйетаев