— Шымкент қаласы мен Түркістан облысы әкімшілік тұрғыда бөлінгенімен бір-бірімен байланысы артып, ынтымақ-бірлігі нығайып, руханияты дами бермек. Елбасы Жарлығы екі өңірдің бір-бірін қолдап, бірлесе дамуына зор серпін бергенін түсінуіміз қажет. Келесі жылы Шымкент ТМД-ның мәдени астанасы атанып, ел көлемінде Абайдың 175 жылдығын атап өтеміз. Міне, сол себептен жастар тәрбиесіне көңіл бөлу, Абайдың ұлағатын ұрпақ бойына сіңдіру, сондай-ақ мемлекеттік сананы нығайтуда бірлесе жұмыс істеуіміз керек.
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың БАҚ өкілдерімен кездесуінде сөйлеген сөзінен.