Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің 2019 ж. 16 тамыздағы хатына, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының
2019 ж. 20 тамыздағы хаттарына сәйкес Жамбыл атындағы мектеп-лицейінде Жалпыреспубликалық бірыңғай «Адалдық сағаты»өткізілді. Бұл үлкен шараға аудандық «Нұр Отан»партиясы төрағасының орынбасары Құрман Абай мырза мен аудандық білім бөлімінің бас маманы Төлендіқызы Қаракөз ханым қатысып, Құрман Абай мырза лекция оқыды. Лекция соңында 11 сынып оқушылары өз пікірлерін білдірді. Адамдарға жақсылық ойлау, ондағы адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алтын орны, олардың адамдар үшін маңызы жайлы, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін қадағалауды үйрену арқылы жақсы жетістіктерге жете алатындықтарын айтып өтті. Үйдегі ата-анадан бастау алатын тәрбиенің қайнар көзі-мектептегі ұстаздардан жалғасын тауып жататындығын сенімділікпен жеткізді.