2012 жылы ашылған қожалықтың жалпы жер аумағы 286,0 гектар. Күні бүгінге дейін жеке инвестициялық салымдармен қаржыландырылып келген шаруашылықта 20 адам жұмыс істейді. Олардың орташа айлық жалақысы 80 мың теңгенің шамасында. Алдағы уақытта, «Тұрар» шаруа қожалығына 14,3 млрд теңге қаражат инвестицияланбақ. Осылайша 12500 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарлануда. Қажетті қаржы «Еуропа қайта құру және Даму» банкісі тарапынан қарастырылуда.
«Тапсырманың тиянақты орындалғанын көріп тұрмын. Бірақ, бұл тек бір ғана шаруа қожалығының атқарған ісі. Өнімнің сапасы да көзге көрініп тұр. Дәл осы бір жылда 2 -3 өнім жинау әдісін тұтастай барлық ауыл округтерінде қолға алу керек. Үйреніп, одан әрі дамыта түсу қажет», — деді аймақ басшысы Өмірзақ Естайұлы.
Өздеріңіз білетіндей Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев барлық сектор жауаптыларына құрылыс жұмыстарын аяқтау мерзімін белгіленген кесте бойынша, толық аяқтап өткізуді бұйырды. Арыс қаласында жөндеуді қажет ететін – 7 163 нысанның 7154 – тұрғын және көпқабатты үйлерде құрылыс жұмыстары аяқталып, ішкі әрлеу жалғасуда. Қалпына келтіру жұмыстарына 126 құрылыс компаниялары, 4 мыңға жуық жұмысшылар, 200-ден астам арнайы техникалар тартылған.