Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев Шаблан Ділдәбеков ауылдық округіндегі топырақ көшелермен ауыл ішіндегі негізгі жолдарды жарықтандыру бойынша аралап, ауыл тұрғындарымен кездесті. Шаблан Ділдәбеков ауыл округінде мәселелерді осы өңірден сайланған аудандық маслихаттың депутаты Марат Шабланұлы, Жетісай ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Мырзабек Абишев, Жетісай ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нүркен Әлмештермен бірге танысты. Жұмыс барысында ауыл округінде орналасқан 13 елді мекеннің жағдайымен танысқан аудан әкімі. Ауыл тұрғындарына жыл соңына дейін аталмыш ауыл округінде бірде-бір топырақ көше болмайтынын және бұл жағдайды өзінің бақылауына алатындығын айтты. Және мектеп пен бала-бақшалар орналасқан көшелердің барлығын 100 пайыз жарықтандыру бойынша тиісті сала мамандарына тапсырма берді. Қосымша айта кететін тағы бір нәрсе келесі жылы аудан бойынша топырақ көшелердің мәселесі толықтай өз шешімін табатын болады.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.