Қазақстан Республикасы Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауы аясында Қазақстан республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті, Түлкібас ауданы әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімшесі, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуды халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында аудан орталығындағы «Гүлжан» сауда орталығында мемлекеттік қызмет алу жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңке барысында корпорация қызметкерлері келушілерге электронды үкімет порталын пайдалану және портал көмегімен мемлекеттік қызметтерге «Азамматтарға арналған үкімет» бөлімдеріне бармастан онлайн тапсырыстар беруді, сондай-ақ Телеграмм жүйесінде EgovKzBot, Mgov бағыты бойынша қызметтер алу жолдарын үйретіп, ақпараттық брошюралар таратты.
Жәрмеңкеге қызыға қатысушылар саны 200-250 ге жуықтады. Сонымен қатар онлайн-қызметтер алудың жолдарын үйрене отырып, өздеріне қажетті анықтамаларын, электронды үкімет порталы туралы көптеген сұрақтарына ұтымды жауаптар алды.
Қызмет алудың оңай әрі жылдам түрі @EgovKzBot Telegram-бот мессенджері арқылы алу.
Естеріңізге саламыз, мемлекеттік қызметтерді телеграм-бот арқылы алу үшін «Мобильді азаматтар базасына» тіркелу қажет, яғни eGov.kz порталындағы жеке кабинетте телефон нөміріңізді ЖСН-ге бекітіп, өз гаджетіңіздегі Telegram мессенджерінде ботты іске қосу керек.
Сосын алдын-ала белгіленген командаларды жолдап, SMS-кодпен растау арқылы анықтамалар мен сервистер туралы ақпаратты сұрата аласыз. Сондай-ақ барлық ақпаратты қолданушының электрондық поштасына жолдау мүмкіндігі де қарастырылған.
Бүгінгі күні @EgovKzBot – арқылы 25 түрлі қызметтерді алуға қол жетімді.
Айта кетерлік, алдағы уақытта осы тұрғыдағы жәрмеңке аудандағы барлық ауылдық округтерде жүргізілетін болады.