Демалыс күні таң атысымен қала тұрғындары деннің саулығымен айналысуды жөн санады. Жылда өткізіліп тұратын Шымкент қаласының марафонына қатысушылардың саны көбейіп келеді. Спортпен үнемі айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болмақ. Əрі өзіңді əрдайым сергек сезінесің.
Дәстүрге айналған Шымкенттегі марафонға еліміздің барлық өңірінен, тіпті Ресей, Өзбекстаннан да үміткерлер келіп, бақ сынады. Жалпы, 3000-нан астам марафоншы түрлі қашықтық бойынша сайысқа түсті.
Бұл жолғы сайыстың жөні бөлек. Дәстүрге айналған марафонға еліміздің барлық өңірінен, тіпті Ресей, Өзбекстаннан да үміткерлер келіп, бақ сынады. Жалпы, 3000-нан астам марафоншы түрлі қашықтық бойынша сайысты.
Қала әкімі Ерлан Айтаханов, мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев та бұқаралық спортты насихаттап, марафоншылармен бірге жүгіргенін айта кеткен жөн.
Жалпы қатысушылар 5, 10, 21 және 42 шақырым бойынша сайысқа түсті.
Royal club спорт кешенінің алдынан басталған сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Наурыз» алаңында анықталды. Қала әкімі Ерлан Айтаханов және мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев қатысушыларды құттықтап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.
— Шымкент қаласында дәстүрге айналған марафонның ауқымы кеңейіп келеді. Жастардың көптігі қуантады. Аға буын да атсалысып, үлгі көрсетуде. Келесі жылы қала тұрғындарының бұқаралық спортпен қамтылуы 30 пайызға жетпек, — деді қала әкімі.
Іс-шара барысында ойын-сауық және концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.
Марафонда Шымкент қаласының әкімі Erlan Aitakhanov өзі үлгі көрсетіп, бұқаралық спортты насихаттап, марафоншылармен бірге жүгіргенін ерекше айта кеткен жөн.