Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Әл-Фараби ауданына қарасты «Бадам» және «Сәуле» шағынаудандарында болып, инфрақұрылым жүйелерімен және әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты.

Аталған елді мекендердің тұрғындарымен кездескен шаһар басшысы, олардың көтерген жол, қоғамдық көлік, ауыз су, газбен және сапалы электр жарығымен қамту сынды мәселерін тыңдады.

Тұрғындардың көтеріп отырған мәселелеріөзекті екенін айтқан Ерлан Қуанышұлы бірінші кезекте қала бюджеті инфрақұрылымды дамытуға бөлінетінін және кезең-кезеңімен әрі кешенді түрде іске асатынын атап өтті. Сонымен қатар, түйінді мәселелердің уақтылы шешілуін жеке өзі қадағалайтынын жеткізді. Ал, жолды екі рет салмау үшін ең алдымен елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау керектігін айтып түсіндірді.

Осы ретте Е.Айтаханов аудан әкіміне тұрғындармен жиі кездесіп, жедел жәрдем көлігінің қызметін ретке келтіруді, қаңғыбас иттер мен қоқысты шығару мәселелерін шұғыл шешуді қатаң тапсырды.

Айта кетейік, қаланың батыс бөлігінде орналасқан Бадам шағынауданында 1280 адам тұрса, оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Сәуле шағынауданда 600 адам тұрады.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.