Бүгін Алматы қаласынан 22 қыркүйек күні бастау алған «Алматы-Түркістан» веломарафоны қасиетті Түркістан облысының шығыс қақпасында орын тепкен Түлкібас ауданына келіп жетті.
«Шекарасыз спорт» жобасы аясында Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан марафонға көзі көрмейтін спортшылардан басқа: «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары: Зульфия Габидуллина – параолимпиадалық чемпион; Бахтияр Базарбеков – қоғам қайраткері, Шекарасыз спорт жобасының режиссері және жетекшісі; Валихан Тен – World Class директоры және тағы да басқа ел азаматтары ат салысуда.
Марафоншыларды Жамбыл облысының шекарасынан түлкібастықтар қуана күтіп алып, қонақжайлылықтарын көрсетті.
Сондай-ақ, шараға арнайы барып қатысқан аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметов, — Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында әр қазақстандық жаңғыруды өзінен бастау қажеттігін айтқан болса, бүгінгі веломарафонға қатысушыларымыз елімізге ғана емес, бүкіл әлемге үлгі болатындай шараға атсалысып, жаңғырудың айқын үлгісін көрсетуде.
Осы жерде ерекше айтарым, өмірдің ауыр тауқыметің басынан өткізген зағип жандарымызбен арбаға таңылсада, өмірден тұңілмей қоғамдық шаралардан қалыс-қалмай жүрген азаматтарымызға барша түлкібастықтар атынан ерекше құрмет пен алғыс білдіремін.
Сондай-ақ, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ауқымды шараның өткізілуіне қолдау көрсеткен «Ел Тірегі» Қазақстандық шағын және орта бизнес қауымдастығы, «Анашым» қоры және «Шекарасыз спорт» жобасын ұйымдастырушылары мен басқа да осы марафонға атсалысып жүрген ел азаматтарына алғысын жеткізіп-аудан тұрғындарының атынан ыстық лебізін білдірді.
Шара барысында аудандық мәдениет бөлімінің қызметкерлері тарапынан патриоттық тұрғыдағы әндер орындалып, қонақтарға Түлкібастың алмасы мен әр түрлі тағамдар ұсынылды.
Сонымен қатар, марафоншыларға кешкі ас ұйымдастырылып, қонақ үйден демалыс орындары қарастырылды.
Ал, қонақтар болса сонау сый-құрмет көрсетіп, қонақжайлылықтарын танытқан түлкібастықтарға рақметтерін айтып, алғыстарын жеткізді.