Шымкент қаласының даму қарқыны жыл санап өсу үстиінде. Қазақстан — Чех елдері арасындағы іскерлік байланысты ширату мақсатында Шымкент қаласына Чех Республикасы Парламенті депутаттары Палатасының Төрағасы Радек Вондрачек бастаған делегация келді.
Құрамында чехиялық 17 компанияның өкілі бар делегацияның қатысуымен «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде ҚАЗАҚСТАН-ЧЕХ бизнес-форумы өтуде.
Форумды Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов ашты. Қала қонақтарына қошемет білдірген Е.Айтаханов Чех Республикасынан келген делегацияның бұл сапары үшінші мегаполистің бизнес əлеуетін арттыруға тиімділігі зор екенін атап өтті.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы 2018 жылғы ішкі сауда айналымы 942 741 мың АҚШ долларын құраған.