Шымқаланың көркін келтіріп тұрған, қала жастары жиі баратын «Shymkent Plaza» сауда-ойын-сауық орталығында патриоттық акциясы өтті. «Менің Туым — менің Отаным» республикалық патриоттық акциясы аясында мемлекетіміздің туы салтанатты түрде көтерілді. Патриоттық іс-шараны «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы ұйымдастырды.
Бүгінгі патриоттық акция жастарымыздың жүрегінен өз орнын тапты деп ойлаймыз. Елімізде мемлекеттік рәміздерді насихаттау және жастарды патриотизмге тәрбиелеу мақсатында өткен республикалық патриоттық акциясына «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев жəне қала мəслихатының депутаттары, қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева, мемлекеттік мекеме басшылары және «Жас Отан» жастар қанатының белсенділерінің қатысуымен өтті.
Қазіргі қиын қоғамда жастарымызды жақсы жолға, патриоттыққа шақырып жатсақ болашақтан үлкен жетістіктеріміздің бірі болмақ. Бүгінгі іс-шараның таңдалу орнын ағаларымыздың ақылдылығына баласақ болады. «Ақылды қариясы жоқ елден ақылды ұрпақ таппайсың» демекші, бүгінгі патриоттық акция өткен жерге жастар көп келеді. Патриоттықты жастарымыздың бойына сіңіре беру керекпіз. Үлкендеріміз жастарға деген жанашырлықтарын алдағы уақытта да паш ете берсін дейміз. Көк туымызды тек биіктен көрейік!