Кеше өткен WBO белбеуі үшін жекпе-жекте Қанат Ислам өзінің 27-ші жеңісіне қол жеткізді. Жеңіліс жоқ. Отандасымыздың кәсіпқой мансабындағы бұл ең ауыр кездесулердің бірі болды деуге болады.
Қанаттың қарсыласы намибиялық Уолтер Каутондоква (18-1) болатын. Алып денелі, қолдары ұзын бұл жігіт те осал емес. 18 кездесуінің 17-сінде нокаутпен жеңіске жеткен. Бұға дейін бір рет жеңіліске ұшыраған. Намибиялық мықты Деметриус Андрадеге (28-0) орта салмақтағы чемпиондық атаққа таласта төрешілердің шешімімен жеңілген.
Қанат Ислам 5-ші раундта алып намибиялықты жойқын соққысымен нокдаунға жіберді. Төрешілердің шешіміне осы жағдай кездесу соңында есепке алынды. 6-раундтан бастап отандасымыз шаршай бастаған еді, көп соққылар жіберіп алды. 10 раундтық кездесудің соңында Қанат Исламның беліне чемпиондық белбеу байланды.
Жеңіс құтты болсын, қазақ елі!