Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың 2019 жылғы 21 тамыздағы партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылған «Сенім, Диалог, Болашаққа нық қадам» атты партияның 7 серпінді бағдарламасына сәйкес, еліміз бойынша қолға алынған пилоттық жобаны өткізуге Түркістан облысынан Түлкібас ауданы таңдалып алынған болатын. Жобаның бірінші бөлігі, яғни партияның кадрлық резервіне іріктеу жұмыстары ағымдағы жылдың 28 қазан мен 4 қараша аралығында іске асып, бүгіннен бастап екінші кезең үгіт-насихат жұмыстары бастау алды. Осыған орай, бүгін партияның кадрлық резервіне Түлкібас ауданына қарасты Састөбе кенті мен Келтемашат, Арыс және Балықты ауылдық округтеріндегі үміткерлермен кездесулер өтті. Кездесуге «Nur Otan» партиясы Орталық Аппаратының өкілі Дауырбаев Мадияр Қайсарұлы, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тәжібаев Бисенбай Дәулетұлы, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Тұрсынбаев Полат Мұратұлы және Түркістан облыстық «Jas Otan» жастар қанатының ақарушы хатшысы Жұлдыз Намаз, және аудандық «Nur Otan» партиясының мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесулер барысында әр ауылдық округтен партияның кадрлық резервіне үміткерлердің бағдарламалық баяндамалары тыңдалып, партияның алдағы жұмысын жетілдіру мақсатында ой-пікірлер айтылды.

Жалпы партияның кадрлық іріктеу жұмыстарының нәтижесі бойынша аудан тұрғындарының арасынан 100 үміткер тіркелді. Оның ішінде 60 ер, 40 әйел үміткер құжат тапсырған. Жас ерекшеліктеріне орай тіркелген үміткерлер арасында 35 жасқа дейін 21 адам, 35-50 жас аралығында 38 адам, 50 жастан жоғары 41 адам бақ сынауды жөн көріпті. Сондай-ақ үміткерлер арасында 7 көпбалалы ана да өзін ұсынған.

Тіркелген үміткерлерге дауыс беру 16 қараша күні ауданның 15 аумағында өткізіледі. Дауыс беру жұмыстары үшін жергілікті бастауыш партия ұйымы қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп отыр. Дауыс беру орындары ретінде ауданның әр қиырындағы мемлекеттік емес мекемелердің ғимараттары таңдалып алынды. Әрбір үміткер өз бағдарламаларын алдағы уақытта жергілікті БАҚ пен өзінің әлеуметтік желілеріне жариялайды. Партиялық кадрлық резервіне үміткерлерге дауыс берудің нәтижесі алдағы уақытта жұртшылық назарына ұсынылмақ. Іріктеуден өтіп, партия мүшелерінің көп дауысына ие болған азаматтар келешекте партия жұмысына тартылып, халықпен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.