2019-2020 жылғы Ағылшын Премьер-лигасының 12-ші тур ойындары бүгін аяқталды. Орталық кездесу «Ливерпуль» мен «Манчестер сити» арасында өтті.
Юрген Клопп жаттықтыратын «Ливерпуль» командасы өз алаңында бүгінгі кездесуге дейін 48 ойын жеңілмей келген екен. Чемпиондар Лигасының қазіргі чемпионы «Ливепруль» АПЛ-да көш бастап келеді. Жеңіліс көрмеген. 10 жеңіс пен 1 тең ойын.
Команданың биыл да аяқ алысы жаман емес. Неміс жаттықтырушысы келгелі Ливерпульдік команданы жеңу басқаларға оңай болмай жүр. Юрген Клопптың қазіргі таңда еуропадағы ең мықты бапкерлердің бірі екенін мойындаған жөн. Тіпті «титулдары» көп Гвардиоланың өзі немістің бапкеріне әбден ұтылып, мазасы кетіп жүр деуге болады.
«Манчестер Сити» командасының бас бапкері атақты Хосеп Гвардиола да өте білікті маман. Оны мойындатып та жүр. Гвардиоланың «МС» командасы АПЛ бірінішілігінде екі жыл қатарынан чемпион атанды. 2018-2019 жылғы біріншілікте Юрген Клоппты бір ұпай айырмашылығымен артта қалдырды.
Бүгінгі кездесуге дейін екі бапкердің арасындағы есеп: 4:7. Неміс баспкерінің пайдасында. Гвардиоланы ұтып жүрген Клоптың командалары да мықты деуге тура келмейді. Испаниялық бапкер «Барселона», «Бавария» және «Манчестер Сити» секілді ақшасы көп, Месси, Ливандовский мен Агуэро сынды мықты ойыншылары бар, еуропаның ең азулы командаларын жаттықтырғанын ескерген жөн. Ал, Юрген Клопп – «Боруссия Д.» пен «Ливерпуль» (ХХ ғасырда мықты болған) секілді екінші қатардағы командалармен жеңіп жүр. Бюджеті жағынан, ойыншылардың аттарымен салыстырсақ та айтарлықтай айырмашылық бар.
Сонымен қос баспкердің бүгінгі текетіресінен бөлек, өткен маусымдағыдай «Ливерпуль» мен «Манчестер сити» арасында АПЛ-дің чемпиондық таласы тағы да сарапқа салынды. Екі команда да биылғы біріншілікте жақсы ойын көрсетіп келеді. «МС» 8 жеңіс, 1 тең, 2 жеңіліспен (25 ұпай) екінші орында болатын. Бүгінгі кездесуге дейін командаларды 6 ұпай бөліп тұрды.
Өз алаңында «мерсисайдтық» команданың жеңілуге әзірге ойлары жоқ. Бүгінгі ойында да жеңісті ұстап қала алды. «Ливерпуль» бірінші бөлікте есепті 2:0-мен аяқтады. Голдардың авторы Фабиньо, Салах. Екінші бөлігінде алаң иелерінің сапынан үшінші голды Мане соқты. Ойынның бітуіне 10 минут қалғанда қонақтардың сапынан Б.Силва есепті 3:1-ге ғана қысқарта алды. Юрген Клопп сонымен 8-ші рет Гвардиоланы жеңіп кетті.
«Ливерпуль» бүгінгі кездесуден соң АПЛ-ді 34 ұпаймен жеке дара бастап келеді. Екінші орында «Лестер»(26), үште «Челси»(26), төртке «МС»(25) түсті. 2-4-ке талас командалар арасында өте мықты болмақ. Ал, АПЛ біріншілігінің азулы алтылықтың қатарына жататын: «Арсенал»(17) — 6, «Манчесер Юнайтед»(16) – 7 орында.
Асылбек ТҮЙЕТАЕВ