Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов бюджеттен бөлінетін қаржыны тиімді пайдалануға қатты мән беруді жақында қадап айтқан болатын. Ескертуден Шымкент қаласының барлық аудан әкімдері қорытынды жасап, келесі жылғы жоспарларында өзгерістер енгізіп отыр.
Бүгін Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Ғалымжан Төлепов БАҚ-на жинап, 10 айлық есеп берген болатын. Аумағы жағынан — 49704 шаршы шақырымды құрайтын 10 тұрғын алабы мен 24 шағын ауданы бар Абай ауданында 322 911 мың адам тұрады екен. Бұл жалпы Шымқала халқының 32 пайызын құрайды.
Қазіргі таңда осы аудандарда өзекті мәселеге айналып отырған жағдайлар ретімен өз шешімін тауып келеді. Оның ішінде Мангельдин-Темірлан тас жолы қиылысындағы «жыр» болған өтпелі көпірдің де 2020 жылы бітетіні туралы айтылды. Өтпелі көпірдің үсті жабық жасалынады. Өтпелі көпірдің мердігерлері «Алеф-А» мекемесі жұмысты өз кезегінде тездететін болмақ.
Қазығұрт мөлтек ауданындағы №60 маршруттағы автобустың да жағдайы айтылды. Құтырған иттердің көбейгені жайлы да ескертілді. Жергілікті тұрғындардың өтініштерін алып келген журналист ағамыз, онға жуық тұрғынның қолы қойылған өтінішті Абай аудананың әкімі Ғалымжан Төлеповтің өз қолына берді. Қазығұрт м.а. мәселелерді өз кезегінде Абай ауданының әкімі Ғ.Төлепов ертерек қарастыруды уәде етті.
Сондай-ақ жаңадан құрылып жатқан Абай ауданына қарасты елді мекендерде ауыз су проблемасы қарастырылып жатқаны қуантады. 2020 жылы «СодбиСтрой» мекемесінің көмегімен Ақжар, Айкөл е.м. тұрғындардың ауыз су мәселесі толық шешілмек. Инфрақұрылм жағдайында туындап жатқан жағдайлар да ескерусіз қалмайтыны айтылды.