Жыл соңында үшінші мегаполисте халықтың игілігіне айналған демалыс орындары тағы бір саялы саябақпен толықты.
— Бүгін Әл Фараби ауданына қарасты Спорт шағынауданы Байтұрсынов көшесі бойында сквер пайдалануға берілді. Бұл қала әкімі Ерлан Айтахановтың берілген тапсырмасының нәтижесінде атқарылған жұмыстар. Қайта жаңғыру жұмыстары
100 күнде атқарылды, — дейді қала әкімінің орынбасары Б. Парманов.
Сквердің ашылу салтанатына Шымкент
қаласының әкімі Ерлан Айтаханов, қалалық мәслихаттың хатшысы Ғани Ташқараев, ардагерлер мен қала тұрғындары қатысты.
— Мегаполис қаладағы шағынаудандар мен елдімекендердің абаттандыру, көріктендіру жұмыстарына басымдылық беріледі.
Қ араусыз қалған, бос жатқан жерлерде қайта жаңғыру жұмыстарымен демалыс орындарының санын көбейтеміз. Алдағы уақытта осындай 10 жоба іске асады. Ендігі мәселе, осындай көрікті орындарды сақтау, күтіп ұстауға жауапкершілікпен қарасақ, — деді қала басшысы құттықтау сөзінде.
Демалыс орнында жаңа субұрқақ бой көтерді. Аталған жұмыстарға қала бюджетінен 49 млн теңге бөлінген.
Шара барысында қонақтар скверге ағаш отырғызды.