Шымкент қаласы Ақпараттық коммуникациялық орталығында «Жастар жылы» аясында қаладағы 29 жасқа дейінгі жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй жөнінде баспасөз брифингі өтуде.
Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Жандос Қалтаевтың сөзінше жастарды баспанамен қамту тоқтатылмайды.
–Жастар жыл аяқталғанымен жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы тағы 2 жыл жалғасын табады. Сонымен қатар, жыл соңына дейін 904 пәтер жастар игілігіне берілу жоспарланып отыр, — деді басқарма басшысы.