Шымкент қаласына аудандардан енген Тоғыс, Құрсай, Бадамда тұрғын алаптарында 3634 үйге, яғни 14 мың адамға сапалы электр жарығын қосу жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ, тағы 4 елдімекенде 9600 адамды құрайтын 241 үйде сапалы ауызсумен құбырлары тартылып, қазір абоненттеу жұмыстары жалғасуда.
Бұл туралы Шымкент қаласы əкімінің орынбасары Б.Парманов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
Бұхарбай Рысқұлұлының айтуынша, Шымкентте мүлде ауыз су бармаған 8 елдімекен, бар.
Брифингте айтылған маңызды мәселенің бірі табиғи газ тапшылығы. Қала аумағында 12 елдімекен табиғи газбен қамтылмаған. Бұл пайыздық көрсеткішпен мегаполис халқының 93%-ын құрайды.
Табиғи газ тапшылығынан Шымкент қаласында үшінші автоматтандырылған газ тарату бекетін салу мәселесі көптен бері айтылып жүрген. Бұл сұрақ шешімін тапты, қазіргі таңда мердігер анықталды, «АГРС-3» құрылыс жұмыстары 2020 жылы жанданбақ.
Айта кетейік, 34 шағынауданға кәріз жүйесін тартудың ЖСҚ-сы да осы 10 айда әзірленді. Ал 2019 жылдың соңына дейін 100 шақырым жол пайдалануға берілсе, тағы 120 шақырымы 2020 жылға өтпелі.