Шымкент — қайырымды қала бастамасына Ислам дінінің қосар үлесі зор.
Қала әкімі Ерлан Айтаханов «Рухани құндылықтар — қоғам бірлігінің негізі» атты аймақтық форумындағы құттықтау сөзінде осылай деді.
Үшінші мегаполисте ҚМДБ-ның Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен аймақтық форумы өтуде. Форум мақсаты — III республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» Тұғырнамасын насихаттау, мұсылман жамағатын білім алып, қоғамға пайдалы болуға, отансүйгіштікке, ізгілікке, бірлікке, мейірімділікке, адамгершілік құндылықтарға үндеу.