Мысалы, Жапония елінің кейбір қалаларында қыс ауасы өте суық және қары қалың болады. Бұл қалалардың көпшілігі солтүстікке жақын орналасқан. Әлемде дамыған мемлекеттердің бірі болып саналатын Жапонияның қысы суық қалаларының көшелерінде мұз мүлдем қатпайды. Себебі, адам мен көлік жүретін жолдардың астында жылытқыштар орнатылған. Мұздың қатпауына, адамдардың аяғы тайып, жарақат алып қалмауына жақсы жағдай жасаған.
Жапония елі туралы сіз естімеген тағы 7 факті бар:
Көпшілік келетін орындарда бірінші кезекте ерлерге қызмет көрсетіледі. Дүкендерде бірінші ер азаматтарымен сәлемдеседі екен;
Мектепте оқитын қыздарына «колготки» киюге болмайды. Тек мектек формасына арналған «гольфы» рұқсат. Ал, мектептегі қыздарының юбкалары сыныбы жоғарлаған сайын қысқарып кете береді;
Кафе, ресторандарда дайашыларға «чайға» деп ақша беруге болмайды;
Барлық жапондықтар қағазға қол қоймайды. Әр адамның арнайы мөрі бар;
Метроларында тек нәзік жандыларға арналған вагондар қарастырылған;
13 жасқа толған жапондық ұл-қыздар ересек болып саналады. Және де жыныстық қатынасқа түсуге рұқсат бере алады;
Шеттен келетін жалдамалы жұмысшылар жоқ;